«Астана Опера» театрында Мұқан Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсы қойылады

17:15, 6 қаңтар 2017   157

22 қаңтар күні «Астана Опера» театрының Үлкен зал сахнасында Қазақтың опера өнерінің жауһарына айналған спектакль, Мұқан Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсы қойылмақшы. Аталған театр солисті Мәдина Исламова «Біржан-Сара» операсындағы Алтынайдың партиясын алғаш рет орындамақ. Біржан партиясын орындайтын – Бейімбет Таңарықов, Сара – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ. Музыкалық жетекші, қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, ал спектакльге дирижерлік ететін – Руслан Баймұрзин. 

Classic радиосы

Байланыс телефондары: