«Астана Опера» театрында «Вечер у камина» атты ерекше концерт өтеді

13:38, 9 қаңтар 2017   160

19 қаңтарда «Астана Опера» театрының Камералық залында поэтикалық «Вечер у камина» атты ерекше концерт өтеді. Тыңдармандар тек танымал романстар мен әндер тыңдап қана қоймай, тамаша әуендермен қатар поэзия әлеміне сапар жасайды. Ал сахнаның безендіруі көңілге жағымды романтикалық атмосфера тудырады.

Адамның жан дүниесіне жақын романс жанры сезім тазалығы мен тереңдігі, айқын әуен және құлаққа жағымды иірімдер арқылы жақын бола түседі.

Концертке опера солистері мен аспапшы музыканттар қатысады.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: