Қазақ және «Шалқар» радиоларын тыңдап, Джеки Чанмен кездесуге билет ұтып алыңыз!

19:42, 5 маусым 2017   345

Белгілі актер Джеки Чанмен кездесуге ұтыс билеттерін жеңіп алғыңыз келсе, Қазақ және «Шалқар» радиоларының таңғы бағдарламаларын тыңдаңыз!
Ертең сағат 07:00-10:00 аралығында Қазақ радиосының (106,8 FM) «Қайырлы таң, Қазақ елі!» бағдарламасында және «Шалқар» радиосының «Таңжарық» бағдарламасында билеттер ойнатылады. Қойылған сауалдарға дұрыс жауап берсеңіз, билет сіздің еншіңізде.

Әзірге бағы жанғандардың бірі – «Шалқар» радиосының Тілеуxан есімді тыңдарманы. Семей қаласынан хабарласқан ол «Таңжарық» бағдарламасының «Ханталапай» радиоойына қатысып, ұтыс билетіне қол жеткізді.

Айта кетейік, 7-маусымда сағат 15:00-де «Қазмедиа» концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «Қазақстан» РТРК» АҚ қолдауымен Қытай кинофестивалінің аясында Джеки Чанмен кездесу ұйымдастырылып, «Кунг-фу йога» фильмінің тұсауы кесіледі.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: