ОҚО-да қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті

12:04, 17 наурыз 2017   500

Оңтүстік Қазақстан облысында қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Бейнелеу өнері музейінде ұйымдастырылған шараға 60-тан астам туынды қойылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған мәдени шараға келушілер өнер музейінің құнды жәдігерлерімен, қолөнер шеберлерінің жасаған бұйымдарымен, сондай-ақ салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты дәріптейтін шығармалармен танысу мүмкіндігіне ие болған. Көрме барысында дәстүрлі әндер шырқалып, ұлттық ойындар ойнатылды. Алдағы уақытта дәл осы туындылар Түркістанда өтетін мереке күні ұзындығы 300 метрден асатын көрмеге қойылатын болады.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: