Әйгілі «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі «ЭКСПО-2017» көрмесінде эксклюзивті бағдарлама ұсынбақ

17:58, 14 маусым 2017   245

21-23 маусым күндері әйгілі «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі Халық әртісі Гаухар Мырзабекованың басшылығымен «ЭКСПО-2017» көрмесі алаңында өнер көрсетеді. «Қазақстан Камератасы» әнсүйер қауымды «The Beatles go Baroque» және «Көшпенділер әуені» атты екі бірегей бағдарламамен таныстырады.

«The Beatles go Baroque» бағдарламасы – барокко композиторларының стилінде көркемделген Битлздің аңызға айналған әндері. Ал, «Көшпелілер әуені» болса репертуарына түркі тілдес композиторлардың үздік туындылары енген бағдарлама.

Айта кетейік, биыл «Қазақстан Камератасы» өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтпек.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: