window.fbAsyncInit = function() { FB.init({appId: '1573699319543265', xfbml: true, version: 'v2.2' }); }; (function(d, s, id){ var js, fjs = d.getElementsByTagName(s)[0]; if (d.getElementById(id)) {return;} js = d.createElement(s); js.id = id; js.src = "//connect.facebook.net/kk_KZ/sdk.js"; fjs.parentNode.insertBefore(js, fjs); }(document, 'script', 'facebook-jssdk'));

ЭКСПО-2017 алаңында Lautten Compagney оркестрі мен флейташы Морис Штегер өнер көрсетеді

12:18, 21 сәуір 2017   640

30 маусым күні Астанада өтетін ЭКСПО-2017 алаңында Lautten Compagney оркестрі мен флейташы Морис Штегер өнер көрсетеді. Lautten compagney оркестрі Германиядағы ең үздік музыкалық ұжымдардың бірі. Бұл өнер ұжымы әлемдегі ірі концерт алаңдарында концерттер беріп, гастрольдік сапарға жиі шығып тұрады. The Independent журналының анықтауынша, швейцарлық Морис Штегер «әлемдегі үздік флейташы-виртуоз» атанған. Штегер бүгінде Цюрих камералық оркестрі, Франкфурт симфониялық оркестрі, Берлин филармониясының оркестрі сынды жетекші оркестрлермен өнер көрсетуде.