Елордада «Италиянша Классика» атты концерт өтеді

17:56, 14 маусым 2017   231

«ЭКСПО-2017» көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында 24 маусым күні «Астана Опера» театрының Үлкен залында «Италиянша Классика» атты концерт өтеді. Кешке жас италияндық пианист, көптеген халықаралық пианистер байқауының жеңімпазы әрі жүлдегері Стефано Андреатта қатысады. «Астана Опера» театрының оркестрімен бірлесіп Стефано Андреатта Ференц Листтың фортепиано мен оркестрге арналған екінші концертін орындайды. Дирижер – Эдди де Надаи. Сонымен қатар бағдарламада – Д. Россини мен Дж. Вердидің шығармалары орындалады.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: