1 мамыр күні «Астана опера» театрында «Туған еліме тілегім» мерекелік концерт өтеді

15:22, 24 сәуір 2017   87

1 мамыр күні «Астана опера» театрында Қазақстан халқы Бірлігінің күніне арналған «Туған еліме тілегім» атты мерекелік концерт өтеді. Кеш операның жетекші солисттерінің, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов басқаратын «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің қатысуымен өтеді. Режиссері – Наталья Кагадий. Көрнекті опера солисттері қазақ, армян, орыс, башқұрт, италия, испан, француз және өзге тілдердегі шығармаларды орындайды. Мерекелік концертті хор және балет әртістерінің қатысуымен А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсынан сахналық көрініс ашады.
 

Classic радиосы

Байланыс телефондары: