15 ақпан күні «Астана Опера» театрында «Балқан түбегінен Ұлы Далаға дейін» атты концерт өтеді

17:12, 6 ақпан 2018   195

15 ақпан күні «Астана Опера» театрында «Балқан түбегінен Ұлы Далаға дейін» атты концерт өтеді. Аталған кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігіндегі «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен Сербияның танымал пианисті Майя Райкович өнер көрсетеді. Концерт бағдарламасында қазақстандық және серб композиторларының әуендері орындалмақ. Концертте қазақ өнерінің жауһарларының бірі Тілес Қажығалиевтың «Дала аңызы» симфониялық сюитасы ұсынылса, Майя Райкович Қазақстандағы өзінің алғашқы өнер көрсетуінде елордалық көрерменге серб музыкасын ұсынбақ.

 

Classic радиосы

Байланыс телефондары: