Ақтөбеде жаңа жыл жәрмеңкесі өтті

09:53, 27 желтоқсан 2017   545

Ақтөбегі өнер музейінде қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтуде. Шеберлер жаңа жылға арналған кәдесый, сыйлық дайындауды 3-4 ай бұрын бастап кеткен. Осылайша мәдениет басқармасы музей қолөнер шеберлеріне арнап көрме-жәрмеңке ұйымдастырды. Шеберлер көрмеде кәдесыйлары мен сыйлықтарын, түрлі әшекейлерді, қуыршақтарды сата алады. Мұндай жәрмеңке Жаңа жыл мерекесі алдында арнайы өткізіледі. Айта кетейік, қолөнер шеберлері өздері арнайы дайындаған кәдесыйларды арзан бағаға сатты. 

Classic радиосы

Байланыс телефондары: