Ақыт Үлімжіұлының кітабы моңғол тілінде жарыққа шықты

17:30, 12 наурыз 2018   774

Қазақтың танымал ақыны, жазба әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі Ақыт қажы Үлімжіұлының кітабы Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында моңғол тілінде жарық көрді, деп хабарлайды Baq.kz. Аталған кітапты қазақ тілінен моңғол тіліне танымал ақын, Моңғолияның мәдениет қайраткері, аудармашы Шынай Рахметұлы аударған. Тіл ғылымдарының докторы Гагаагийн Золбаяр редакторлаған бұл басылымға қазақстандық бір топ ғалым алғысөз жазған екен. Ал кітаптың жарық көруіне Түркияда тұратын Ақыт қажының қызы Мәстура мен немересі Ұшар қолдау көрсеткен.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: