Америкалық меццо Джейми Бартон «Беверли Силлз» марапатына ие болды

16:41, 8 ақпан 2017   77

Америкалық меццо Джейми Бартон Беверли Силлз атындағы марапатқа ие болды. Бұл марапатты Метрополитен-опера өз сахнасында өнер көрсеткен солисттерге табыстайды. Және 50 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы беріледі.

Өз заманының үздік әншілерінің бірі саналатын Джейми Бартон 2013 жылы британдық «Әлем әншісі» байқауынан кейін Америка мен Еуропада да сәтті өнер көрсетіп келеді. Метрополитен сахнасында ең алғаш рет 2009 жылы өнер көрсеткен, және осы күндері онда Дворжактың «Русалка» шығармасында өнер көрсетуде.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: