Астана циркінде «Ер Төстік» лазерлік шоуы көрсетіледі

17:41, 12 наурыз 2018   285

Астанадағы Қазақ мемлекеттік циркі 30 жылда алғаш рет гастрольге шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аңызға айналған алматылық цирк 9 наурыз-1 сәуір күндері Астанада елорданың 20 жылдығына арналған SKIFIY лазерлік шоуын қоюда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, лазерлік шоу - цирк өнеріндегі жаңа бағыттардың бірі. Бас балетмейстер Марина Редьконің айтуынша, қойылымда 60 адам жұмыс істейді. Ондағы ең кішкентай кейіпкері - екі жасар Темірлан. Цирк аренасында өсіп келе жатқан Темірлан "Скифияда" бала Төстікті сомдайды.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: