Астана қаласында «Eurasian Dance Festival» атты I Халықаралық балет өнерінің фестивалі өтеді

18:25, 22 маусым 2017   148

24 және 29 маусым аралығында Астана қаласында «Eurasian Dance Festival» атты I Халықаралық балет өнерінің фестивалі өтеді. Алғашқы Еуразиялық фестивальдің айқын ерекшелігі оның толықтай авторлық хореографияға бағышталуы мен фестивальдағы би өнерінің сан түрлі бағыттарының ішінен өзіндік стилін таба білген дара да дарынды жас хореографтардың қойылымдарының көрсетілуінде.

Фестиваль көрермендер мен қатысушыларға әлемдік классиканың үздік қойылымдарымен қатар, балет өнерінің заманауи даму тенденцияларымен танысуына мумкіндік береді. Айтулы іс-шараға әлемге аты кеңінен тараған, шет елдерде мыңнан астам қойылымдарын көрсеткен Оңтүстік Кореялық «Universal Ballet» би труппасы, американдық «Rock the Ballet» шоу балеті, «Астана Балет» театры, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры және әлем жұлдыздары қатысады деп күтілуде.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: