«Астана Опера» балет труппасы драмалық «Манон» балетін ұсынбақшы

12:35, 21 сәуір 2017   157

28 және 29 сәуір күндері Елордалық «Астана Опера» театрының балет труппасы Жюль Массненің музыкасына қойылған әйгілі британдық хореограф Кеннет Макмилланның драмалық «Манон» балетін ұсынбақшы.

Аталған тұсаукесерлік спектакль Корольдік Ковент-Гарден театрының репертуарынан алынған. ХХ ғасырдағы хореографияның жауһарына айналған шығарма аббат Превоның «Кавалер де Грие мен Манон Лесконың тарихы» романының желісімен жазылып, Ж. Массненің он үш операсы, екі ораториясы, оркестрлік жұмыстары,түрлі әндер мен фортепианолық шығармаларының үзінділерінен құралған музыкасына қойылған. Оркестрге салып,өңдеген –Мартин Йетс.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: