«Астана Опера» сахнасында грек композиторларының шығармалары орындалады

17:26, 12 наурыз 2018   108

18 наурыз күні «Астана Опера» театрында «Қазақ даласында Эгей теңізінің самалы» атты концерт өтеді. Аталған концертте театр  сахнасында Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театры, Қазақ Ұлттық өнер университеті мен Ресейдің Үлкен театрынан келген қонақтар өнер көрсетеді. «Астана Опера» симфониялық оркестріне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асқар Бөрібаев дирижерлік етеді. Бағдарламаға әлемдік камералық-вокалдық музыка жауһарлары енген. Алғаш рет «Астана Опера» сахнасында грек композиторлары Микис Теодоракис, Манос Хадзидакис пен Ставрос Ксархакостың вокалдық туындылары шырқалады.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: