Астанада балаларға арналған жаңа мультфильмнің таныстырылымы өтті

10:10, 27 желтоқсан 2017   272

Астанада «Сөз қазынасы» анимациялық фильмінің балаларға арналған алдын ала көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Baq.kz. Жобаның басты мақсаты – қазақтың бай тіл мұрасы мен салт-дәстүрлерін балаларға насихаттау. Әдетте ересектер жауабын таба алмай жататын ырымдардың мән-маңызын ашып көрсету. Аталған анимациялық фильмде қазақы дәстүрлер мен жөн-жоралғы, ырымдар ойын элементтері арқылы және қазақтың классикалық ертегілерінен таныс кейіпкерлердің қатысуымен, шытырман оқиғалар арқылы түсіндіріледі. «Сөз қазынасы» анимациялық фильмі 2018 жылы отандық телеарналар эфирінен көрсетілетін болады.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: