Астанада Қапан Мусиннің шығармашылығына арналған концерт өтеді Гульнара Тажибаева

17:55, 13 маусым 2017   244

Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі өзінің XVII концерттік маусымының соңғы концертін Қапан Мусиннің шығармашылығына арнайды.

ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор, дирижер әрі педагог Қапан Мусиннің шығармашылығы ұлттық музыкалық мәдениеттің жарқын парақшаларының бірін құрайды.

Қапан Мусин ұзақ өмір сүрмесе де, артына оның әуенге бай дарындылығын көрсеткен көптеген жауһар туындылар қалдырды.

Концерт бағдарламасында симфониялық оркестрге арналған оның алғашқы туындысы «Жайлауда» симфониялық поэмасы, алғаш рет ұлт композиторымен жазылған Қапан Мусиннің № 1 симфониясы және тағы басқа шығармалары орындалады. Концерт 15 маусым күні  «Астана» концерт залында өтеді.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: