Астанада жас ақындар арасында айтыс өтеді

12:32, 21 сәуір 2017   272

Бүгін Астанадағы «Казмедиа орталығының» киноконцерт залында жас ақындар арасында айтыс өтеді. Айтысқа еліміздің барлық облысынан 30 ақын қатысуға өтініш білдірген. Арнайы комиссияның шешіміне сәйкес, таңдаулы 16 ақын сахнада сөз сайыстырып, бақ сынамақ.

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы ұйымдастырған айтысты ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Қалқаман Сарин жүргізеді.
 

Classic радиосы

Байланыс телефондары: