Астанада Жетісу жерінде табылған жәдігерлер көрмесі өтіп жатыр

15:53, 14 шілде 2017   89

Астанадағы Қазақстан Қарулы күштерінің əскери-тарихи музейінде келушілер назарына Жетісу жеріндегі Есік қорғанынан табылған Алтын адамның көшірмесі, Жамбыл Жабаевтың домбырасы мен тұрмыста қолданған бұйымдары, Балпық бидің ұрыста киген дулығасы ұсынылуда. Алматы облысының Мəдениет күндері аясында өңір мұражайларынан барлығы 231 экспонат пен Көркемсурет галереясынан 30-ға жуық картина əкелінген. Астанада Алматы облысының Мəдениет күндерінің аясында ұйымдастырылған жəдігерлер мен көрнекті картиналар көрмесі тамыз айының 7-сіне дейін жалғасатын болады.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: