Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында «Қадыр оқулары» байқауы болып өтті

16:53, 10 мамыр 2018   438

Республикалық деңгейде өткен байқау ақынның өз туған жерінде алғаш рет ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру» аясында өткен жыр байқауына Астана мен Алматыдан және еліміздің әр өңірінен 11 топ қатысқан. Сонымен, сайыс қорытындысы бойынша ақынның 335 өлеңін жатқа айтатын сырымдық Береке Орынбасар бас бәйге гран-при жүлдесін иеленсе, маңғыстаулық Інжу Садақбаева ақынның сөзіне жазылған әндерді орындау аталымында топ жарды. Жеңімпаздар арайы сыйлықтармен марапатталған.

 

Classic радиосы

Байланыс телефондары: