Биыл елордада Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай жас ақындар мүшәйрасы өтеді

16:52, 6 ақпан 2018   792

Биыл елордада Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай жас ақындар мүшәйрасы өтеді. Өткен жылы Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында Астана қалалық жас ақындар мүшәйрасын өткізген болатын. Мүшәйраға еліміздің өңірлерінен 200-ге жуық жас ақын қатысып, мүшәйра қорытынды бойынша үздік 30 ақынның өлеңдері кітап болып жарыққа шығарылған. Мүшәйраның алғаш рет өткізілгенін және маңыздылығын ескере отырып, осы жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізілмек.

 

Classic радиосы

Байланыс телефондары: