Бүгін Алматыда «ART MOBILE» мобильді өнер мектебі жаңа жобасын таныстырады

17:33, 14 желтоқсан 2017   214

Бүгін ҚР Тәуелсіздік Күні мерекесі қарсаңында «ART MOBILE» мобильді өнер мектебі «ART MOBILE» атты жобаның таныстырылымын өткізеді. Жоба мақсаты – мобильді ағартушылық қызметтерін көрсету болып табылады. Жобаның бірегейлігі, ол – концерттік қызмет, өнер жайында лекциялар, шеберлік сыныптары, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру, шығармашылық кештер секілді шараларды шақырмалы, көшпелі мобильдік түрде атқарулары. Таныстырылым кешіне «Жігер» домбырашылар ансамблі, Халықаралық байқаулардың лауреаты, скрипкашы Абылайхан Мейірбеков, музыкатанушы – Дана Мейірбекова мен «Даму» тобы қатысады.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: