Дубай операсында Халықаралық докторлар оркестрінің концерті өтеді

17:31, 12 наурыз 2018   217

22 наурыз күні Дубай операсында Халықаралық докторлар оркестрінің жалғы концерті өтеді. Оркестр 2007 жылы құрылған. Оның құрамына әлемнің 50 елінен 100 аса дәрігер кіреді. Олар өнер көрсететін кезде өздерінің ақ халаттарын смокинг пен музыкалық аспаптарға алмастырады. Олар осылайша медициналық жобаларға қаражат тартуды көздейді. Дубайдағы осы концерт Al Jalila Foundation қайырымдылық ұйымына қаржы жинау үшын арналған. Келушілер назарына Бетховен, Мендельсон мен басқа да композиторлардың шығармалары ұсынады.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: