Елімізде «Ниет» атты әлеуметтік роликтерге арналған үздік идеялар байқауы өтуде

09:50, 27 желтоқсан 2017   153

24 желтоқсан күні «Ниет» атты әлеуметтік роликтерге арналған үздік идеялар байқауына өтініш қабылдау аяқталды. Бір ай ішінде қазақстандықтардан өзекті тақырыптарды қамтыған 600-ден астам сценарий келіп түскен. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қазіргі уақытта барлық жұмыс қазылар алқасының қарауына берілді. Байқау қорытындысы 2018 жылдың қаңтар айында жарияланады. Бас жүлдеге – 1 миллион теңге және танымал режиссер Ақан Сатаевтың продюсерлігімен ролик түсіру мүмкіндігі беріледі.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: