Ертең «Астана» концерт залында «Jazz&Rock» концерті өтеді

15:23, 24 сәуір 2017   269

Ертең «Астана» концерт залында Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы үрлемелі оркестрінің «Jazz&Rock» концерті өтеді. Ұжым орындауында үрлемелі аспаптардың барлық қырларын көрсететін танымал джаз шығармалары орындалады. Джаз бен үрлемелі аспаптардың одағы – ең алғашқылардың бірі және мықтысы. Аңыз бойынша алғашқы жазбаны пластинаға 1917 жылы үрлемелі аспаптарда ойнайтын жаңа орлеандық музыканттар түсірген. Астана филармониясының бас дирижеры – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әкім Мұхатжанов.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: