Ертең Астанада «Ермек Серкебаевқа арналады» атты Гала-концерті өтеді

15:36, 10 тамыз 2017   33

Ертең «Қазақстан» орталық концерт залында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында «Ермек Серкебаевқа арналады» атты әлемдік опера жұлдыздарының Гала-концерті өтеді. Гала-концерт атақты қазақстандық әнші, КСРО халық артисі, КСРО және ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтарының иегері, Социалистік Еңбек Ері Ермек Серкебаевты еске алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Концертке Ресейдің еңбек сіңірген артисі, Татарстанның халық артисі Ренат Салаватовтың жетекшілігімен «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі қатысады. Кештің қоюшы режиссері Василий Бархатов болмақ. 

Classic радиосы

Байланыс телефондары: