Ертең Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Уильям Шекспирдің «Отелло» трагедиясының тұсаукесерін өткізеді

18:54, 11 сәуір 2018   233

Ертең Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Ағылшын ақыны, драматург Уильям Шекспирдің «Отелло» трагедиясының тұсаукесерін «Бейбітшілік және келісім сарайында» өткізеді. Қойылымның режиссері – Қазақстанның халық артисі, профессор Талғат Теменов, басты рөлдерде Отелло – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбаев, Дездемона – Ақмарал Танабаева, Ягоны – Нүркен Өтеуілов сомдамақ. Театр директоры Айболат Сексенбаевтың сөзінше «Отелло» шығармасы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына әдейі арнап қойылған.

 

Classic радиосы

Байланыс телефондары: