Әзербайжандық жас көрермендер мемлекеттік театры Астанада өткен «Сахнадан сәлем» атты V халықаралық театр фестиваліне қатысты

17:30, 20 маусым 2017   344

Әзербайжандық жас көрермендер мемлекеттік театры Астанада өткен «Сахнадан сәлем» атты V халықаралық театр фестиваліне қатысты. Фестиваль танымал театр және кино режиссері, КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетовтың 85 жылдығына арналды.

Фестивальда әзербайжандық театр әртістері швециялық драматург Ларс Нуреннің «Mən gəldim qızlar» («Müharibə») спектаклін қойды. Фестиваль аясында қойылған әрбір спектакльден соң әділқазылар алқасының мүшелері мен құрметті қонақтар оны талқыға салып, әртістерге ақыл-кеңестерін берді. Фестивальда сонымен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мен Қазақстан елдерінің әртістері де өнер көрсетті.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: