«Иоанн Дамаскин» кантатасы

Наталья Горячеваның «Зеркало» бағдарламасы Алексей Толстойдың сөзіне жазылған Сергей Танеевтің «Иоанн Дамаскин» кантатасына арналды.

13:30, 21 қазан 2019   92

Бұл туындыны «Сергей Танеев шығармашылығының алғашқы шыңы» деп атайды. «Иоанн Дамаскин» кантатасы композитордың жарыққа шыққан бірінші шығармасы. Кантатаның өзге шығармалардан ерекшелігі және тыңдаушылардың зор ықыласы композиторге тағылған «дарынсыз әрі тым ақылгөй» деген кереғар пкірлерді жоққа шығарды.

Туындының премьерасы халықтың көңілінен шығып, бәрі бір ауыздан оны «Орыс реквиемі» атап кетті. Чайковскийдің дарынды шәкірті Сергей Танеев осы кантатада классиканың қатаңдығы мен романтизмнің лиризмін шебер үйлестіре білген.  

Кантата (итальянша cantata, латынша canto – ән айту, ән салу) – жеке әншілер мен хор, оркестр үшін лирика-эпикалық, салтанатты мазмұнда жазылған тұтас мазмұнды ірі вокалдық-симфониялық шығарма.

Кантата тек хорға ғана немесе оркестрге қосылып орындайтын жеке әншілерге де арналып жазылады. Әдетте ол оркестрлік эпизодтар, ариялар, речитативтер арқылы баяндалады. Шығарманың құрылысы және орындаушылар құрамы жағынан кантата – оратория жанрымен ұласады. Кантатаның ораторияға қарағанда лирикалық жағы басым келеді. Кантата ХVII ғасырда Италияда лирикалық ән салу түрінде пайда болған.

Наталья Горячеваның «Зеркало» бағдарламасын әр дүйсенбі сайын сағат 12:03-те (бейсенбіде қайталауы) «Classic» радиосынан тыңдай аласыздар.

«Classic» радиосын Нұр-Сұлтан қаласында 102,7 FM, Алматы қаласында 102,8 FM, Ақтау қаласында 103,00 FM толқынынан тыңдай аласыздар.