 Қазақ Гуманитарлық заң университеті жанынан MediaNet халықаралық журналистика орталығының медиа-мектебі ашылды

18:46, 11 сәуір 2018   779

Қазақ Гуманитарлық заң университеті жанынан MediaNet халықаралық журналистика орталығының медиа-мектебі ашылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Аталған медиа-мектептен азаматтар журналистика мамандығының қыр-сырын үйреніп, беделді бұқаралық ақпарат құралдарында тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады. MediaNet халықаралық журналистика орталығының директоры Әділ Жәлелов. Оның айтуынша, аталған мектепте білікті журналистер қызмет атқарады. Айта кетейік, MediaNet халықаралық журналистика орталығы 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Орталықтың бас кеңсесі Алматыда орналасқан.

 

Classic радиосы

Байланыс телефондары: