Қазақстан мен Бельгия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына орай Астанада концерт өткізіледі

16:37, 25 тамыз 2017   66

Қазақстан мен Бельгия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасындағы Бельгия Корольдігінің Ельшілігі бельгиялық дирижер әрі композитор Дирк Броссенің басшылығымен Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрінің концертін ұйымдастырады. Дирк Броссе – әлемге әйгілі бельгиялық дирижер әрі композитор. Оның 400-ге жуық шығармалары бар, олардың ішінде кино, теледидар және сахна үшін жазылған ауқымды жұмыстар. Қазіргі уақытта ол Филадельфия Камералық оркестрінің музыкалық директоры әрі Бельгияның Корольдік фламандық ғылым мен өнер академиясының мүшесі болып табылады, және де Өнер Мектебінде/Бельгияның Гент қаласындағы Музыка Корольдік консерваториясында композиция және дирижерлік іс пәндерін оқытады.  Концерт 6  қыркүйекте «АСТАНА» концерт залында өтеді 

Classic радиосы

Байланыс телефондары: