Қазақстандықтар Брюссельдегі жас пианистер байқауына қатысуда

12:26, 21 сәуір 2017   75

Осы күндері Бельгия астанасы Брюссельде өтіп жатқан «Merci, Maestro!» халықаралық жас пианистер байқауына қазақстандық музыканттар қатысуда. Шығармашылық фестиваль Брюссельдегі П.И.Чайковский атындағы музыкалық мектептің қолдауымен ұйымдастырылды.

Конкурсқа 28 елден келген 19 жасқа дейінгі 92 жас дарын иелері қатысып жатыр. Фестивальде Қазақстанның атынан Қазақ ұлттық өнер университетінің тәрбиеленушілері Биали Бикенов мен Мәдина Тәкеева, сондай-ақ, Алматыдағы «Алтын Тас» музыкалық шығармашылық орталығынан Арина Ли өнер көрсетеді.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: