Корейлік танымал Universal Ballet труппасы «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетеді

17:18, 20 маусым 2017   479

Корейлік танымал Universal Ballet труппасы «Астана Опера» сахнасында 26 және 27 маусым күндері өнер көрсететін болады.

Труппаның гастрольдік қойылымы Eurasia Dance Festival Халықаралық балет өнері фестивалі аясында өтеді. Ұжым Начо Дуато, Раймондо Ребек, Охад Нахарин сынды шоқтығы биік қазіргі заманғы хореографтардың авторлық балеттерін ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, Universal Ballet труппасының негізі 1984 қаланған еді. Труппа құрамында Еуропа, Азия мен Американың 12 елінен өкілдері бар. Universal Ballet бас директоры Джулия Мун, көркемдік жетекші Брайан Ю және Құрметті көркемдік жетекші Олег Виноградов басшылығымен азиялық кербездік пен үйлесімділікті батыстық классикалық балеттің күші мен әсемдігімен араластыра отырып, үнемі танымалдылық пен құрметке ие болып келеді. Ұжымның жетістіктері ішінде – «Өнердегі көшбасшылық» президенттік марапаты бар.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: