Қостанайда ғылыми-ағартушылық экспедиция жұмысын бастады

15:55, 14 шілде 2017   86

Қостанайда жасақталған «Ұлы дала тұлғалары: Кейкі батыр ізімен» атты ғылыми-ағартушылық экспедиция жолға шықпақ. Құрамында тарихшылар, философтар, тілшілер, өлкетанушылар бар арнайы топ зерттеу жұмыстарын Торғай аймағынан бастағалы отыр. Бес күнге созылатын сапар барысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған мәселелер шеңберінде бірталай істерді атқару көзделген. Соның бірі – өңірдің айтулы тұлғалары, әсіресе, Кейкі батырға қатысты мәліметтер іздестіру. 

Classic радиосы

Байланыс телефондары: