Қостанайда Корея президенті фотосуретшісінің көрмесі өтуде

09:43, 27 желтоқсан 2017   247

Қостанай облыстық «Достық үйінде» «Қазақстан кәрістері» атты фотокөрме ашылды. Бұл шара корейлердің Қазақстанда тұрып жатқандарына 80 жыл толуына, сондай-ақ, Корея мен Қазақстанның арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылғанына 25 жыл толуына орайластырылды. Фотокөрмеде негізінен Корей Республикасы Президенті фотосуретшісі Ким Джин Соктың туындылары қойылған. Ким Джин Сок біздің елден бөлек, Испания, Франция, Жапония, Африка, Гималай және басқа мемлекеттерге барып, сурет сериясын жинап отырған. 

Classic радиосы

Байланыс телефондары: