Қостанайда жергілікті тұрғындардың күшімен фильм түсіріліп жатыр

17:30, 12 наурыз 2018   246

Қостанайда «Кім кінәлі?» атты драмалық фильмнің түсірілімі жүріп жатыр. Туындының  сценарий авторы – театр және кино актері Әлімхан Мырзахан. Ал, фильмнің режиссері – Есбол Жатқанов. Фильмнің түсірілімі 5 наурызда басталған. Түсірілім Қостанайда, Рудныйда және Федоровск ауданында өтеді. Жергілікті тұрғындардың күшімен түсіріліп жатқан фильм қарттар үйі туралы болатыны белгілі. Драмалық фильм екі тілде түсіріледі. Фильмнің басым бөлігі қазақ тілінде түсіріліп, кейбір диалогтар ғана орыс тіліне аударылады.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: