Қытайда халықаралық кинофестивальде «Құнанбай» мен «Жаңғақ тал» фильмдері ұсынылды

12:28, 21 сәуір 2017   28

Қытай астанасында 7-ші халықаралық кинофестиваль басталды. Онда «Құнанбай» мен «Жаңғақ тал» атты Отандық режиссерлердің өнімі «Жібек жолындағы үздік туынды», «Панорама» бағдарламасы аясында қалың көпшіліктің назарына ұсынылды.

Қытайда ағылшын және қытай субтитрімен көрсетілген Хакім Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлының өмірі жайлы тарихи туынды прокатқа 2015 жылы шықты. Бұл фильм Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет тарапынан да жоғары бағасын алған.

«Құнанбай» бұған дейін де халықаралық фестивальге қатысып, Уфада «Ұлттық рух» жүлдесін иеленген.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: