Бірер күн бұрын Астана қаласында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұйымдастырған әлеуметтік бейнероликтердің ең үздік идеяларына арналған «Ниет» байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті. Байқау нәтижесі бойынша Дмитрий Галабир жеңімпаз атанып, оған бір миллион теңге көлемінде қарсылай сый-ақы табысталды. Жеңімпаздың тілшілерге берген сұхбатында ол ролик сценарийін жазуға жалпы 30-40 минут уақыт жұмсағанын айтып отыр.