Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық өнер фестивалі болып өтті

09:52, 27 желтоқсан 2017   224

Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты облыстық өнер фестивалі болып өтті. Өңірдің мәдениет басқармасы мен мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада үздік ауылдық клубтар анықталған. Фестиваль барысында сондай-ақ клубтардың ішкі - сыртқы безендірілуі, тазалығы, көгалдандырылуы, үйірмеге қатысушылар да сарапқа салынды. Қолөнер шеберлері мен суретшілер көрмесі және жергілікті жердің дарындары мен көркемөнерпаз ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламалар да ұсынылды. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге Отырар ауданындағы Отырар ауылдық клубы лайық деп танылды. 

Classic радиосы

Байланыс телефондары: