Орал қаласында Ескендір Хасанғалиев әндерін орындаушылардың ІХ халықаралық «Атамекен» ән фестивалі өткізілуде

18:27, 22 маусым 2017   78

Орал қаласында белгілі әнші-композитор, ҚР халық әртісі Ескендір Хасанғалиев әндерін орындаушылардың ІХ халықаралық «Атамекен» ән фестивалі басталды.

БҚО әкімдігі, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған дәстүрлі фестивальге Қытайдан, Ресейдің Астрахан қаласы, Қазақстанның Оңтүстік және Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстарынан барлығы 21 үміткер қатысуға тілек білдірді. Бүгін байқаудың екінші кезеңі өтіп, фестиваль жеңімпаз-жүлдегерлері анықталады. Өнер додасы гала-концертпен қорытындыланбақ.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: