«Оралман» фильмінің әлемдік премьерасы Иранда өтеді

12:24, 21 сәуір 2017   17

Бүгін Иранның Тегеран қаласында 35-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалі өз жұмысын бастайды. Cәуірдің 28-не дейін өтетін шараның «Шығыс панорамасы» бағдарламасында қазақстандық «Оралман» фильмі қатысады.

«Оралман» фильмінің режиссері – Сәбит Құрманбеков. Фильмге Дулыға Ақмолда, Есім Сегізбаев, Ержан Түсіпов, Шынар Асқарова, Баян Қажнабиева сынды қазақстандық танымал актерлер түскен. Фестиваль Қиыр Шығыстағы ең ауқымды әрі танымал кинофестиваль болып есептеледі.

Биыл «Шығыс панорамасы» секциясында 12 елден 15 толықметражды картина ұсынылған.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: