Осы күндері Францияда 71 Халықаралық канн кинофестивалі өтуде

16:29, 10 мамыр 2018   32

Әлемдік мәдени іс-шарада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында отандық киноиндустрия өнімдері ұсынылатын «Қазақстанның ұлттық павильоны» да жұмыс істеп жатыр. Аталған іс-шаралар Қазақ ұлттық өнер университеті мен Астананың 20-жылдығына орай жасалып отыр. Павильонда халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің презентациясы өткен. Беделді кинофорумдағы Қазақстанның павильоны биыл екінші рет ашылды. Бұл жылы Қазақстанның жас әрі талантты режиссерлерінің көптеген фильмі бірнеше конкурстық бағдарламаларға қатысып отыр. Фестиваль 19 мамырға дейін жалғаспақ.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: