«Qazaq radiolaryның» көшпелі студиясы Түркиядан хабар таратты

12:46, 5 мамыр 2018   39

 

Түркияда радио күні аталып өтті. Атаулы шараны TRT телерадиокорпорациясы ұйымдастыртырды.  Басқосуға 12 мемлекеттің радио өкілдері және журналистері келді.  Үш күнге созылған жиында «Qazaq radiolary» түрлі келісімге қол қойды. Бұл туралы көшпелі студия арқылы тікелей эфирге қосылған радиокөпірде айтылды. Халықаралық шара аясында талаптар 30 минуттық хабардайындауға келісті. Енді апта сайын Қазақ радиосы үшін Түркиялық әріптестер, ал Түркия радиосы үшін Астаналық әріптестер жарты сағаттық бағдарлама алмасатын болды. Яғни, бұдан былай Түркияның мемлекеттік радиосынан қазақтың заманауи және классикалық әуендері берілетін болады. Бұдан бөлек, ынтымақтастық - шығармашылық байланыстар орнату бағытында кездесулер өтті. Ал, басқосуға қатысушылар медиа саласының өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасты. «Үйренетін дүние көп. Соның алғашқыларының бірі – еркіндік. Екіншісі, жаңа медиаға бетбұрыс. Сонымен қатар, салалық радиолардың көптігін түсіндік. Бізде де  салалық радиолар бар. Біз радиолардың ара-жігін ажыраттық. Мәселен, Қазақ радиосы - әмбебап. Спорт, мәдениет, саясат, тарих тақырыбын қамтиды. «Шалқар» радиосы – ұлттық рухани. Жастар радиосы - «Астана». Классикалық музыкаларды насихаттайтын - «Classic» радиосы. Жуырда елімізде «Бизнес» радиосы ашылды. Болашақта денсаулыққа, ауылшаруашылығына арналған радиолар ашылады деген ойдамыз. Міне, осы радиоларды қалай ашты, қалай ұйымдастырды соны үйренеміз деген ойым бар», - дейді «Qazaq radiolary» ЖШС-нің бас директоры Мәди Манатбек.

 

«TRT телерадиокорпорациясында білім беру, тәжірибе алмасу, ағартушылық бағытта жұмыс жасайтын арнайы бөлім бар. Сол бөлім әлемдегі БАҚ өкілдерімен екі жақты ынтымақтастық орнатып, меморандум сияқты құжаттар бекітеміз. Жыл сайын әлемнің көптеген өлкелерінен журналистерді оның ішінде телевидение саласының және радио саласының журналистерін шақырып, өзара тәждірибе алмасуға мүмкіндік жасайтын үлкен форумдар өткіземіз. Мысалы өткен жылы 70 елден 200 – ге жуық журналистер келді»,- дейді TRT телерадио корпорациясы басшысының бірінші орынбасары Эркан Дурду.

 

Classic радиосы

Байланыс телефондары: