САНДЫҚ ХАБАР ТАРАТУҒА КӨШУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА РАДИОХАБАРЛАР ТАРАТУ УАҚЫТША ТОҚТАЙДЫ

16:43, 16 сәуір 2019   82

Сандық эфирлік телехабар таратуға көшуге байланысты Маңғыстау облысы Ақтау радиотелевизиялық станциясында аналогтық хабар таратудың техникалық жабдықтарын ажырату арқылы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Қазтелерадио» АҚ жақын маңдағы аудан тұрғындарына 13-17 мамыр аралығында радиохабарлар трансляциясы уақытша тоқтатылатынын хабарлайды. Аталған аймақта 13-17 мамыр күндері сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін Classic, Qazaq radiosy, Shalqar радиолары хабар таратуын уақытша тоқтатады.