Санкт-Петербург қаласында Қазақстандық композитор, пианист Рахат-Би Абдысағинның концерті өтті

17:14, 4 маусым 2018   444

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Қазақстандық композитор, халықаралық байқаулардың лауреаты, пианист Рахат-Би Абдысағинның концерті өтті. Санкт-Петербург филармониясында өткен кеш барысында Рахат-Би Абдысағинның «Өмірге құштарлық» атты туындысы келушілердің көңілінен ерекше шығып жатты. Сондай-ақ оның өзге де шығармаларын Санкт-Петербург симфониялық оркестрі орындады. Композитордың әрбір туындысы халықаралық сахналарда жиі орындалып жүр. Отандасымызды әлемнің көптеген музыка сыншылары «қазақстандық Моцарт» деп атап кеткен.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: