Талдықорғанда халықаралық этно-фестиваль өтеді

18:07, 5 қазан 2017   88

Ертең Талдықорғанда «Мәңгілік елдің мәңгілік сарыны» атты халықаралық этно-фестиваль өтеді. Шараға Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Татарстан, Түркия, Тува, Якутия сынды мемлекеттердің өнер майталмандары қатысады деп күтілуде. Сайыс ережесіне сәйкес, қатысушылар 20 жастан асқан болуы тиіс. Ансамбль құрамы 8-10 адамнан аспауы шарт. Ұжым мүшелері арнайы ұлттық киімде өнер көрсетуі керек. Ансамбльдің және жеке орындаушының репертуарында қазақ композиторларының 1 шығармасы орындалуы шарт. 

Classic радиосы

Байланыс телефондары: