Теміртау қаласының тарихи-өлкетану мұражайында Ғарышкерлер күні мен Валентина Терешкованың ғарышқа ұшқанына 55 жыл толуына арналған көрме ашылды

18:32, 12 сәуір 2018   27

Қарағанды облысы Теміртау қаласының тарихи-өлкетану мұражайында Ғарышкерлер күні мен Валентина Терешкованың ғарышқа ұшқанына 55 жыл толуына арналған көрме ашылды, деп хабарлайды Baq.kz. Экспозиция бірнеше бөлімдерден тұрады. Көрмеде ғарышкер әйелдер туралы деректі материалдар мен фото суреттер ұсынылып отыр. Мұражай залдарында ғарыштық нысандардың макеттері де қойылған. Көрме кураторы Светлана Трещёваның айтуынша «57 жыл ішінде ғарышта әлемнің 60-тан астам әйелі болып қайтты. Экспозиция солар және ғарыш туралы баяндайды», -деді ол.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: