Түркияда шығатын «Бауырлас қаламдар» журналының ақпан айындағы саны ақын Есенқұл Жақыпбектің шығармашылығына арналды

17:15, 6 ақпан 2018   241

Еуразия Жазушылар қауымдастығына қарасты Түркияда шығатын «Бауырлас қаламдар» журналының ақпан айындағы саны Мәдениет саласының үздігі, ақын Есенқұл Жақыпбектің шығармашылығына арналды. Іс-шара Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қолдауымен іске асырылып отыр. Журналға ақынның көзі тірісінде жазған мақалалары, өлеңдер топтамасы, фотошежірелері мен біршама түркі тілдес қаламгерлердің мақалалары енген.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: