Вьетнам астанасы Ханойда көшпенділердің мәдениеті мен дәстүрі іс-шарасы өтті

10:10, 6 маусым 2017   113

Вьетнам астанасы Ханойда көшпенділердің мәдениеті мен дәстүрі, сан ғасырлық тарихы, сондай-ақ қазақ пен қырғыз халықтарының мәдениеті көпшілікке таныстырылды.

«I am Nomad» іс-шарасын Ханой Азия әйелдерінің клубы ұйымдастырған. Қонақтарға Орта Азияның ғажайып табиғатынан және оның тағылымы мол тарихынан сыр шертетін видеоролик көрсетілген. Жиынға қатысушыларды көрмеге қойылған ұлттық заттар, аспаптар, қолөнер бұйымдары көбірек қызықтырды. Кеш соңында қазақстандықтар жиналғандарға «Қара жорға» биін билеп берген. «Қара жорға» биінің қимылдары шетелдіктердің таңданысын тудырғанын айта кеткен жөн.

Classic радиосы

Байланыс телефондары: